Жаңалықтар

Сайлау-2022: Жигули Дайрабаев Қарағанды облысына барды

ашық дереккөзі

Сайлау-2022: Жигули Дайрабаев Қарағанды облысына барды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Қарағанды облысында болып, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің қызметімен танысты деп хабарлады turkystan.kz. Ол кәсіпорын ғалымдарымен кездесіп, олардың елдің ғылыми саласын дамытуға қатысты пікірлерін тыңдады. «Фитохимия» холдингі -  Қазақстан мен Орта Азияның өсімдік шикізаты негізінде дайындалатын бірегей дәрілік препараттардың жетекші әзірлеушісі. Бүгінде кәсіпорын өсімдік шикізатын өңдеуден, субстанцияны алудан бастап дайын дәрілік нысандарды, бірегей фитопрепараттарды өндіруге дейінгі толық технологиялық цикл енгізілген фармацевтика саласындағы инновациялық жобаларды іске асырумен айналысады.