Атырауда шетелдіктерден пара алған полицейге сот үкімі шықты

Атырауда шетелдіктерден пара алған полицейге сот үкімі шықты

Атырауда шетелдіктерден пара алған полицейге сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Атырау қалалық соты шетелдіктерді пара беруге итермелеген экс-полицейге үкім шығарды. Атырау облысының Полиция департаментіне қарасты патрульдік полиция ротасы қызметінің бұрынғы инспекторы 18 млн теңге айыппұл төлейді деп хабарлады turkystan.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот анықтағандай, құқық қорғаушы көші-қон қызметінен Өзбекстан азаматтарының құжатын алып беруге уәде еткен, бірақ басшылыққа беремін деген сылтаумен 600 мың теңге пара сұраған. Алайда ақшаны өзі иемденген.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және куәгерлердің жауаптарымен, бейнежазбалармен дәлелденді.
Осылайша сот экс-полицейді кінәлі деп танып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде – 18 000 000 теңге айыппұл салды.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Бұған қоса, ол аға лейтенант арнайы шенінен де айырылды.