Жаңалықтар

Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты

ашық дереккөзі

Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты. Алғашқы аялдама «Семей инжинеринг» зауыты болды. Айта кетсек, бұл орын 1987 жылы  ашылғаннан бастап 2004 жылға дейін  «бронды жөндеу зауыты» деп аталған. Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат экономикалық реформалардың бір бөлігі ретінде ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына толық тоқталды. «Бүгінгі таңда ең төменгі жалақының қалай анықталатыны белгісіз. Мен оны индекстеуді ашық етіп қана қоймай, ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің деңгейіне жеткізуді ұсынамын. Тиісінше ЕТЖ 60 мың теңгені емес, кем дегенде, 150 мың теңгені құрайтын болады», - деп нақтылады Мейрам Қажыкен. Кандидат  азаматтық қоғам тақырыбына тоқтала отырып, бұл өз бағдарламасының негізгі бөлімі екенін атап өтті. «Мемлекет әрбір азаматқа өзін-өзі дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауы керек. Азаматтың өзі әлеуметтік серіктестік, атап айтқанда, кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары арқылы өмір сүру жағдайларын өзгерте алатын процестерге қатысуы керек. Бұл біздің алға қойған мақсатымыз», - деді ол. Осылайша, үміткер әр адам өздерін лайықты жалақымен қамтамасыз ете алады. Бұл жерде мемлекет пен жұмыс берушілердің әлеуметтік қолдауына да ие болу керек деп қосты. Зауыт қызметкерлері үміткердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қалай жүргізуді жоспарлап отырғанын сұрады. «Тіпті, сыбайластардың арасында достар болса да, өте қатал жүргіземін», - деп жауап берді Мейрам Зекешұлы. Мейрам Қажыкен қазіргі уақытта сыртқы қауіптердің төнуі мәселесі күрделі жағдайда, ұлттық қауіпсіздік, оның ішінде қорғаныс бағытын нығайту - өте өзекті екенін атап өтті. «Біздің армиямыздың қару-жарағын жаңғырту, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы, кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру секілді мәселерді шешу өте маңызды. Сонымен қатар қазақстандық қорғаныс өнеркәсібін құру бағдарламасы жан-жақты қолдауға ие болуы тиіс», - деп толықтырды кандидат. Анықтама үшін: Бронды жөндеу зауыты 1987 жылдың қыркүйегінде іске қосылды. Кәсіпорынның жалпы ауданы 17,4 га. 1992 жылы зауыт ҚР  Қорғаныс министрлігінің қарамағына өтті. 2003 жылдың наурыз айында кәсіпорын  қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің басқа кәсіпорындарымен қатар «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ-на ауысты. Бір жылдан кейін ҚР Үкіметінің қаулысымен кәсіпорын өзінің қазіргі «Семей инжиниринг» АҚ атауын алды. Қызметтің негізгі түрі: қорғаныс және азаматтық мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату.