Жаңалықтар

Салтанат Тұрсынбекова Кентаудағы зауыт жұмысшыларымен жолықты

ашық дереккөзі

Салтанат Тұрсынбекова Кентаудағы зауыт жұмысшыларымен жолықты

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова оңтүстіктегі екінші өңір – Түркістан облысында болды.  Мұнда ол ең алдымен 1100-ге жуық адам еңбек ететін Кентау трансформатор зауытына барды. Зауыт - ТМД-дағы трансформаторлық жабдықтарды шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Жетекші қазақстандық өндіруші экономиканың барлық салаларына, соның ішінде электр энергетикасы, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешені, тұрғын үй-коммуналдық секторға өнім жеткізеді. «Зауыт, бұл – ең алдымен жұмыс орны. Сіз белгілі бір түпкілікті өнімді жасай отырып, маңызды жұмыс атқарып жатасыз. Сіздердің еңбектеріңіз елдің жалпы ішкі өнімінде тікелей көрініс тауып отыр.  Сіздер экономикалық белсенді халықсыздар. Сіздердің еңбектеріңіз және әрқайсыңыздың еңбектеріңіз заң деңгейінде ешбір депутаттан немесе шенеуніктен кем емес қорғалуы тиіс.  Айта кету керек, зауытта жұмыс жасап жүргендер тек ер адамдар емес. Кәсіпорынның жетістіктеріне әйелдер де үлкен үлес қосады», - деді кандидат. Зауыттағы еңбек ұжымының статистикасына сүйенсек, барлық жұмысшылардың 30 пайызын әйелдер құрайды.