Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы ШҚО-да жұртшылықпен кездесті

Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы ШҚО-да жұртшылықпен кездесті

Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы ШҚО-да жұртшылықпен кездесті
ашық дереккөзі
Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары қазіргі таңда мемлекеттілікті нығайту үшін бекем бірліктің маңызы зор екенін айтты.  width=
«Соңғы үш жарым жылда еліміз түрлі сынақтармен бетпе-бет келді. Кездескен қиындықтың бәрін еңсеріп, халқымыздың бірлігі одан әрі нығая түсті. Ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, мызғымас мемлекеттік егемендік және еліміздің аумақтық тұтастығы қуатты Қазақстан құрудың негізі. Сондай-ақ бұл жолда ұлттық мүдде мен азаматтық патриотизмді қорғаудың маңызы зор. Алдағы уақытта бәріміз бірге қуатты Қазақстан құруды жалғастыра береміз деп сенемін», – деді өңірге келген Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.
Жас ІТ мамандармен кездесуде штаб мүшелері үміткердің сайлау алдындағы бағдарламасына тоқталып, ондағы цифрландыру саласына қатысты басымдықтарға назар аударды. Сонымен қатар Республикалық қоғамдық штабтың өкілдері бизнес саласындағы жергілікті сарапшылармен және кәсіпкерлермен бірге осы бағыттағы бюрократиялық қысымды төмендету шараларын талқылады. Бұл басымдық сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілгенін атап өткен жөн.  width= Одан бөлек, РҚШ мүшелері «Силумин-Восток» ЖШС өндірістік-инжинирингтік компаниясының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында жұмысшы құқығы күшті кәсіподақтар мен қатаң мемлекеттік қадағалау арқылы қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құру туралы сайлауалды бастама кеңінен сөз болды. Ал көпбалалы аналармен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлау алдындағы бағдарламаның әлеуметтік бағытына жан-жақты тоқталды.