Жаңалықтар

Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы ШҚО-да жұртшылықпен кездесті

ашық дереккөзі

Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы ШҚО-да жұртшылықпен кездесті

Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары қазіргі таңда мемлекеттілікті нығайту үшін бекем бірліктің маңызы зор екенін айтты. Одан бөлек, РҚШ мүшелері «Силумин-Восток» ЖШС өндірістік-инжинирингтік компаниясының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында жұмысшы құқығы күшті кәсіподақтар мен қатаң мемлекеттік қадағалау арқылы қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құру туралы сайлауалды бастама кеңінен сөз болды. Ал көпбалалы аналармен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлау алдындағы бағдарламаның әлеуметтік бағытына жан-жақты тоқталды.