Автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам қаза тапты

Автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам қаза тапты

Автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен автокөлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, 1 қараша күні сағат 8.55 шамасында болған.
«Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында темір жол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты», - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.