Жаңалықтар

Автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Автокөлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам қаза тапты

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен автокөлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, 1 қараша күні сағат 8.55 шамасында болған. «Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында темір жол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты», - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.