Жаңалықтар

Үндістандағы қайғылы жағдай: тоғыз адам қамауға алынды

ашық дереккөзі

Үндістандағы қайғылы жағдай: тоғыз адам қамауға алынды

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында көпір құлап, 160-тан аса адам қаза болды. Полиция күдікті ретінде билет сатушылар мен мердігерлерді қосқанда тоғыз адамды қамауға алды деп хабарлады turkystan.kz Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қарау барысында көпірді екі жаққа шайқаған бір топ жасты байқаған. Зардап шеккендердің бірі Эшвин Мехра да адамдар көпірді шайқамақ болғанын айтқан. «Көпірді шайқаған 20-25 жас аралығындағы 15-20-ға жуық жігіт жүрді. Біз көпірдің шайқалғаны туралы дыбыстар естідік, кейін көпірдің сымы үзілді», - деді ол. Полицияның жоғары лауазымды шенеунігі тоғыз адам, оның ішінде басшылық қызметкерлері, кассирлер және үш күзетші көпірдегі адамдарды бақылай алмағаны үшін қамауға алынғанын айтып отыр.