Жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионатының телекөрсетілімі болмайды

ашық дереккөзі

Бокстан Азия чемпионатының телекөрсетілімі болмайды

Иорданияда 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтетін Азия біріншілігінің көрсетілімін қазақстандық телеарналар көрсетпейтін болды деп хабарлады turkystan.kz.

«Аталған жарысты «Qazsport» телеарнасы көрермен назарына ұсынуды жоспарлағанымен, Азия бокс конфедерациясы мен жергілікті ұйымдастырушылар телевизиялық түсірілім жасамайтыны белгілі болды», - делінген «Qazsport» арнасының хабарламасында. 

Айта кетейік, Азия чемпионатында Қазақстанның намысын ерлер арасында 13 боксшы және әйелдер арасында 12 боксшы қорғайды.