Тұрсынбекова Шымкентте құқық қорғаушылармен кездесті

Тұрсынбекова Шымкентте құқық қорғаушылармен кездесті

Тұрсынбекова Шымкентте құқық қорғаушылармен кездесті
ашық дереккөзі

Құқық қорғаушы Шымкент қалалық адвокаттар алқасымен кездесу өткізді.  Ол адвокаттардың барлық ұсыныстары мен шағымдарын тыңдады деп хабарлады turkystan.kz.

«Заңгерлердің жағдайы қиын.  Қаржылық мәселелер одан да қиын.  Бірақ адамдардың құқығы бұзылып жатқанын көру, тіпті ауыр.  Сот процесі жүріп жатқанда, адвокаттар өз жұмысын толыққанды атқара алмайды.  Прокурорлармен сот қызметкерлері адвокаттардың айтқанын тыңдағысы да келмейді.  Өз пікірін ашық айтып, белсенділік танытқан заңгерлер кейін еңбек жолын аяқтауға мәжбүр болғанын көріп те жүрміз», – дейді жиынға қатысушылардың бірі.

 width=

Адвокат Қазақстандағы соттардың  жақсы беделге ие еместігін де айтты.

«Адам көмекке үміттеніп адвокат жалдайды, бірақ кәсіпқоймен жұмыс істегеннің өзінде сот шешімінің қаншалықты әділ болатынына күмәнданады.  Халық біздің соттарға сенбейді», - деді ол.

Сондай-ақ, жиналғандар сөз бостандығыжурналистердің сот процестері мен атышулы істерді сырттан қысымсыз көрсете алуы мәселелерін көтерді.

Салтанат Тұрсынбекова «Заң сақталмаған жерде ешқашан тәртіп болмайды» деді.  

Кандидат өз бағдарламасында сот-құқықтық реформаны бірінші бағыт ретінде ерекше атап өткенін еске салды.  Сонымен қатар, сот төрелігінің тиімді жүйесін құру, даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы жолдарын дамыту, құқықбұзушылықтың алдын алудың заңда басымдығын қамтамасыз ету және т.б. ұсыныстарын айтты.

Еске салайық, бүгін СалтанатТұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасының 250 жұмысшысымен де кездескен болатын.

Құрметпен, Салтанат Тұрсынбекованың Баспасөз-хатшылығы

E-mail: tursynbekova.shtab@gmail.com

+7 702 667 07 00;     +7 701 999 28 19

Instagram

Facebook

Twitter

TikTok