Жаңалықтар

Тоқаевты қолдау жөніндегі 5 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өтті

ашық дереккөзі

Тоқаевты қолдау жөніндегі 5 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өтті

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр. Бүгін кандидаттың жақтастары Қарағандыға келіп, өңірдің бизнес-қауымдастығымен, шахтерлерімен және студент-жастарымен кездесті.

Қарағанды облысының кәсіпкерлерімен әңгімелесу кезінде РҚШ мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан ұлттық экономиканы дамыту және жеке бизнесті ынталандыру жөніндегі басымдықтарды талқылады.

Бұдан соң, РҚШ мүшелері «Казахстанская» шахтасының кенжарына түсіп, кеншілерге кандидаттың еңбек адамын қолдауға және өндірістердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған негізгі басымдықтары туралы түсіндірді.

​​Осы күні РҚШ басшысы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысының ардагері, 99 жастағы Есжан Бүркітовтің шаңырағына барды. Қартайғанына қарамастан, ақсақал кандидаттардың сайлау науқанын жіті бақылап отыр.