Жаңалықтар

Барак Обаманың қоштасу сөзі

ашық дереккөзі

Барак Обаманың қоштасу сөзі

Сейсенбі күні кешкісін АҚШ президенті Барак Обама саяси карьерасы басталған және 2008 бен 2012 жылдары президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін құттықтауды қабыл алған қала - Чикагода президент ретінде халықпен қоштасу сөзін сөйледі.

"Мен осы жерде азаматтар ұйымдасып, талап еткен кезде ғана өзгерістер болатынын түсіндім. Бұл тек ғана менің пікірім емес, бұл өзін өзі басқару саласындағы америкалық жобаның негізі",- деп мәлімдеді Обама.

Обаманың сөздерінше, Америка соңғы сегіз айда барлық көрсеткіштер бойынша алға жылжыды: ел экономикалық құлдыраудан шықты; автокөлік өндірісі жолға қойылды; жұмыс орны біртіндеп көбейіп жатыр. Сыртқы саясатта АҚШ Кубамен қарым-қатынас орнатты, қарусыз Иранның ядролық жобасын тоқтатты, 11 қыркүйектегі терактіні ұйымдастырушылардың көздерін жойды деді ол. Обама өзі президент болған жылдарда азаматтардың тең құқығын арттыруға барынша мүмкіндік жасалып, медициналық сақтандыру жүйесінде реформалар жүргізіліп және сексуалды азшылық өкілдерінің өзара некеге отыруға тең құқық берілгенін атап өтті. Ол сонымен бірге «екі қадам алға басқан кезде, бір қадам кері шегінуге» тура келетінін айтып, президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамптың өзінің жүргізген реформасын өзгертетіні туралы сөздеріне қатысты «Демократия біркелкілікті ұсынбайды, бірақ ол ниеттестікті қабылдайды. Сыртқы айырмашылықтарымыз бар болғанымен бізді бір тағдыр байланыстырады; біз біртұтас ретінде бірге көтерілеміз немесе бірге құлаймыз", - деді Обама. Барак Обама — өзінің туған қаласында қоштасу сөзін айтқан бірінші президент. Оған дейінгі президенттердің дені қоштасу мәлімдемесін Ақ үйде жасайтын.