Жаңалықтар

Талдықорғанда 53 жастағы әйелді зорлаған күдікті ұсталды

ашық дереккөзі

Талдықорғанда 53 жастағы әйелді зорлаған күдікті ұсталды

Жетісу полицейлері Талдықорғандағы қонақүйлердің бірінің 53 жастағы қызметкерін зорлады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Күдікті Алматы қаласында ұсталып, қамауға алынды. Жәбірленушінің арызы 28 қазан күні қалалық полицияға түскен. Белгілі болғандай,  жәбірленушіні жергілікті қонақүй бөлмесінің бірінде тұрған белгісіз адам зорлап кеткен. Оқиға орнынан қашып кеткен ер адам 35 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын қонақүйде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықтады. «Күдікті бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемелерінде өтеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының аумағында жасырынып, іздеуде жүрген ер адамның мекенжайы анықталды», - деп хабарлады қалалық полиция. Тергеу ҚР ҚК-нің 120-бабы және 121-бабы бойынша жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.