Жигули Дайрабаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

Жигули Дайрабаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

Жигули Дайрабаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі
Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев Жамбыл облысының Байзақ және Жуалы аудандарына барып, аймақтағы ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы жобалар, әсіресе кооперативтердің жұмысы төңірегінде сөз қозғалды деп хабарлады turkystan.kz «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның пікірінше, еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыру барысында ауыл шаруашылық кооперацияларын құру өте маңызды.
«Ұсақ шаруашылықтар мен қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге тартып, бəсекеге қабілеттілігін арттырып, ауыл шаруашылық тауар өндірісін жолға қойып, жүйелі агроөнеркәсіп кешендерін қалыптастыруды жедел қолға алу – уақыт талабы. Сол арқылы елімізде азық-түлік базасын нығайтып, ішкі және сыртқы нарықты экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуге жол ашамыз», – дейді Жигули Дайрабаев.
Кездесу соңында кандидат барша жиналғандарды мемлекеттік мереке – Республика күнімен құттықтады.
«Бүгінде алдымызда үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Ол үшін күш біріктіріп, жаңа бастамалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз керек. Әрбір азаматтың мүддесі мемлекет мүддесімен ұштасып, Қазақстан халқы ұлттық бірлікті нығайту жолында аянбай тер төксе, Қазақстанның барлық белестерді бағындыратынына сенімдімін», - деді Ж.Дайрабаев.