Қазақстан темір жол транзиті тарифін шамамен үш есеге түсірді

13 қаңтар, 2017 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Қазақстан темір жол транзиті тарифін шамамен үш есеге түсірді
"Қазақстан Темір Жолы" компаниясы Қырғызстаннан Ресейге транзит тарифін төмендетті. Бұл туралы "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" АҚ президенті Оралхан Құлақов хабарлады.
"10 қаңтардан бастап "ҚТЖ" Қырғызстан үшін тиімді транзит тарифін енгізді. Өйткені Қырғызстан ЕЭҚҰ-ға мүше", - деді ол. Құлақовтың айтуынша, Луговая станциясынан Илецк станциясына дейінгі тариф бағасы бұрын 5 155 доллар болса, қазір ол - 1 820,7 доллар. Осылайша тариф шамамен үш есеге төмендеді. Қырғызстанға арналған тарифтің төмендеуінен 42 миллиард теңге шығын шығады, бірақ ол шығынды жүк тасымалының шамамен үш есеге өсуімен жабуға болады.