Жаңалықтар

Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде Қазақстан азаматы мерт болды

ашық дереккөзі

Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде Қазақстан азаматы мерт болды

Сеул қаласында болған қайғылы оқиға салдарынан бір қазақстандық қыз қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. «Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итхэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде», – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.