Жаңалықтар

Сарапшы мексикалық нокаутшыны Әлімханұлымен айқастан бас тартуға шақырды

ашық дереккөзі

Сарапшы мексикалық нокаутшыны Әлімханұлымен айқастан бас тартуға шақырды

Ring IQ Boxing Talk Youtube арнасы мексикалық Хайме Мунгияны (40-0, 32 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жектен бас тартуға шақырған видео жариялады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «Егер Мунгияның қазіргі әлем чемпиондарынан жеңілу қаупіне баға берсек, оған Әлімханұлынан гөрі Чарломен айқасқан жөн. Жәнібекпен жекпе-жек қаржылық жағынан Чарломен Техаста жұдырықтасқандай пайда бермейді. Джермалда да сондай титул, бірақ Әлімханұлымен жекпе-жекке қарағанда ақша көбірек. Атағы жағынан салыстырсақ та, Чарлоның аты профильде маңыздырақ болады», - дейді арна авторы.