Орал қаласында 85 жастағы зейнеткер із-түзсіз жоғалып кетті

Орал қаласында 85 жастағы зейнеткер із-түзсіз жоғалып кетті

Орал қаласында 85 жастағы зейнеткер із-түзсіз жоғалып кетті
ашық дереккөзі
85 жастағы зейнеткер Сәрсенғали Тұқсанов Орал қаласының маңында із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарлады turkystan.kz «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап. Зейнеткердің немересі Сәния зейнеткер Орал қаласының іргесіндегі Асан ауылында тұрғанын айтып отыр. Оның 29 қазан, сенбі сағат 13.00-де серуендеуге шығып, қайта оралмағаны белгілі болды.
«Бәріміз алаңдап отырмыз. Бастысы, аман-есен табылсын. Аздап ұмытшақтық ауруы болатын. Үйден шыққанда үстінде көк күртешесі, басында қара қалпағы болған. Полицияға арыз жаздық», - дейді туысы.
Сәрсенғали Тұқсановтың қайда екені туралы мәлімет білетіндер болса +7 778 510 4220 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.