Жаңалықтар

Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр

ашық дереккөзі

Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр

Айтыскер ақын Дидар Қами өзінің Instagram-дағы парақшасына белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түсіп қалғанын жазды деп хабарлады turkystan.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап. «Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз. Сіздер де дұғаларыңызға қосып, ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен» деп жазды Дидар Қами. Жалпы, ауырып жатқан Жүрсін Ерман – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесустың құдасы. Нақты айтқанда, Тедрос Гебрейесус даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановпен құда. Ал Дәулет Тұрлыханов – Жүрсін Ерманның күйеу баласы.