Жаңалықтар

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына 3400-ден астам ұсыныс түсті

ашық дереккөзі

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына 3400-ден астам ұсыныс түсті

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдаулары сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинауды жалғастыруда. 8 күн ішінде ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдауларына сайлаушылардан 3460 ұсыныс пен тілек келіп түсті. Оның 640-ы бір күннің ішінде toqaev2022.kz сайтына жолданды. Ұсыныстардың көбісі әлеуметтік қамсыздандыру саласына – 598 (21,2%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 492 (17,4%), жер қатынастарына – 358 (12,7%), білімге – 210 (7,4%) қатысты болды. «Азаматтар кандидаттан не қалайтынын, не күтетінін айтып, өз ұсыныстарымен келіп жатыр. Жаңа Қазақстанды құру ісіне қатысты көп адамның өзіндік ұсыныстары, Президенттікке кандидаттан не күтетіндері туралы пайым-пікірлері бар. Сондай-ақ, сайлауға қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алуға болатын Call-орталық жұмыс істейді», – деп атап өтті кандидаттың Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Әлия Садырбаева.