Қызылордада жаңа стадионның құрылысы басталады

Қызылордада жаңа стадионның құрылысы басталады

Қызылордада жаңа стадионның құрылысы басталады
ашық дереккөзі
Бүгін "Қайсар" мен "Жетісу" арасындағы кездесу тең есеппен аяқталды. Соның нәтижесінде "Қайсар" премьер-лигаға жолдама алды деп хабарлады turkystan.kz. Осы матчтан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев келер жылы жаңа стадион салу бастамасы қолға алынатынын мәлімдеді.
- Ресейдің Краснодар қаласында былтырғы жылы бір жыл ішінде 10 мың орындық 12 миллион долларға жабық стадион салынған екен. Келесі жылы біз де сондай жаңа стадион құрылысын бастауға ниеттіміз. Бұл ұсынысты жерлестерім, ірі компаниялар және кәсіпкерлер қолдайды деп сенемін, - деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, осы кездесуде облыс әкімі қызылордалық клубтың команда капитаны Мақсат Байжановқа құрмет көрсетті.