Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
28 қазанда Алматы Полиция департаменті кәсіпкер, Chocofamily компаниясының бас директоры Рамиль Мухоряповқа қазақ тіліне қатысты айтқан сөздері үшін 174-баптың 1-бөлімі бойынша араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы Facebook парақшасында хабарлады.
«Достар, Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Алматы қаласының Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы 20 қазанда ҚР Бас прокуратурасы мен Алматы қаласының прокуратурасына түсірген арызыма қылмыстық іс ашқаны жайлы жауап беріпті», - деп мәлімдеді желі қолданушысы.
Алматы қаласы ПД ЭҚІСБ бастығының міндетін атқарушы Д.Е.Абикулов қол қойған хатқа сенсек, ПД Тергеу басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
«Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - дейді Д.Е.Абикулов. «Бұл айыптың жазасы заңда үш нұсқада көзделген: 2 мың - 7 мың АЕК айыппұл, 2 - 7 жыл аралығында бас бостандығын шектеу немесе айыру. Айыпты деп танылса, сот мән-жайды ескере отырып осы үшеуінің біреуін таңдайды», - деді Күлтегін Аспанұлы.