Жәнібек Әлімханұлы қандай кітаптарды оқиды?

Жәнібек Әлімханұлы қандай кітаптарды оқиды?

Жәнібек Әлімханұлы қандай кітаптарды оқиды?
ашық дереккөзі
Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) қандай кітаптарды оқып жүргені жайлы жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Түрлі жекпе-жектерді көріп, Qazaq style-ды шыңдаудан бөлек, рухани шыңдалу да өмірдегі негізгі мақсатым. Чемпион болумен қатар, дұрыс адам болу да аса маңызды деп есептеймін. Ертең мені «Қандай адам еді?» деп сұрайды емес пе? Сол үшін ізденісті тоқтатқан емеспін. Өмірге адам боп келген соң, толық адам болу міндет! Әдеби кітаптар оқып, Алаш қайраткерінің өмірі туралы деректі фильмдерді көп қараймын. Өмірлері тұнған тәрбие. Өнеге! Ұлтқа қызмет ету үлгісі!», - деп жазды боксшы.
Сондай-ақ ол Америкада жүріп Құран оқуды да үйреніп алғанын айтты.
«Ол да мұсылман баласы үшін аса маңызды іс. Одан бөлек, дүниеден өткен туыстар мен әкеме сауап болсын деп Құранды қатесіз оқуым перзенттік борышым. Жұма күндеріңіз берекелі болсын! Қолдауларыңызға рақмет! Бұйыртса екі аптадан соң жекпе-жек! Ел абыройын асқақтатып, туды желбіретіп, жанкүйерге қуаныш сыйлау нәсіп болсын!» - деп түйінделген жазба.