«Шавкат, Садриддин және Жанқош»: кімнің соққысы қатты?

«Шавкат, Садриддин және Жанқош»: кімнің соққысы қатты?

«Шавкат, Садриддин және Жанқош»: кімнің соққысы қатты?
ашық дереккөзі
Белгілі қазақстандық боксшылар Садриддин Ахмедов пен Жанқош Тұраров және отандық аралас жекпе-жектің басты жұлдызы Шавкат Рахмонов соққыларының қуатын тексеріп көрді деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Алматыда өтіп жатқан Naiza 46 турнирінің үзілісінде ұйымдастырушылар Садриддин Ахмедов, Жанқош Тұраров, Шавкат Рахмонов және басқа да спортшылардың қатысуымен конкурс өткізді. Бәсеке олардың соққыларының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға бағытталған. Нәтижесінде Рахмоновтың соққысының қуаты 850 ұпай жинаса, Тұраров 895 ұпай, Ахмедов 1019 ұпай жинаған. Осылайша, ең көп ұпай жинаған Садриддин Ахмедов сайыс жеңімпазы атанды. Айта кетейік, Ахмедов екінші орта салмақта (70 келіге дейін) өнер көрсетсе, Тұраров екінші жеңіл салмақта (63,5 келіге дейін) өнер көрсетеді.