Жаңалықтар

Жылдың үздік баспасөз қызметкері анықталды

ашық дереккөзі

Жылдың үздік баспасөз қызметкері анықталды

«Astana Media Week» медиа апталығының қорытынды күні «Жылдың үздік баспасөз қызметі» марапаты мен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерін табыстау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. «Жылдың үздік баспасөз қызметі» номинациясы бойынша Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Жетібаев марапатталды. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Артакшинова Асель Сейтжанова, Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Жансая Хамитқызы, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров, Қарағанды облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Марина Шапавалова марапатталды. Айта кетейік, іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы қатысты.