Ұлытау облысында зымыран сынығы құлап, тұрғындар эвакуацияланды

Ұлытау облысында зымыран сынығы құлап, тұрғындар эвакуацияланды

Ұлытау облысында зымыран сынығы  құлап, тұрғындар эвакуацияланды
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында зымыран құлағаны туралы ақпарат тарады деп хабарлады turkystan.kz.

Жергілікті әкімдік аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.

Жаңаарқа ауданының тұрғындары Орынбай ауылы маңындағы далаға құлаған ғарыш кемесінің сынығын видеоға  түсіріп алған. Тұрғындар кеменің сынығы азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін деп қауіптенеді.

Жаңаарқа ауданының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство құлаған зат "Прогресс МС-21" ғарыш кемесінің сынығы екенін хабарлады.

Бұл - "Прогресс МС-21" жүк кемесінің фрагменті. Ол Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге құлаған. Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары эвакуацияланды. Орынбай ауылының тұрғындарын көшірген жоқпыз. "Роскосмос" мамандары ғарыш кемесінің ұшу күні мен уақытын алдын ала біліп, фрагменттің құлаған жерін анықтаған. Олар бұл жерді күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш аппаратының алғашқы фрагменттері алынып тасталды, олар қауіп төндірмейді, – делінген хабарламада.

Видео сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/CkPwTfPMbbG/?igshid=YmMyMTA2M2Y=