Жаңалықтар

Мейрам Қажыкен Қостанай жұртшылығымен кездесті

ашық дереккөзі

Мейрам Қажыкен Қостанай жұртшылығымен кездесті

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен Қостанай қаласына келді. Ол облыстық өлкетану мұражайында, А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте болып, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды деп хабарлады turkystan.kz.

Кандидат Қостанай қаласына сапарын ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи тұлғаның рухына тағзым етуден бастады. Қостанай қаласының жұртшылығымен өткен кездесулерден кейін Мейрам Қажыкен облыстық штабтың жұмысымен де танысты. Қазіргі таңда қоғамдық кеңесте 4 адам бар. Үгіт-насихат жұмыстарына еріктілер де тартылған.