Жұма, 27 Қаңтар, 2023

Азия Кубогы: балуандар қазақ күресінің жаңа ережесі бойынша күреседі

29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» Спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтеді деп хабарлады turkystan.kz.

Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан қатысады.

Қазақ күресі балуандары 18 жастан асқан жеті адамнан тұратын командалар атынан сынға түседі. Спортшылар жеті салмақ санатында белдеседі: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта.

Азия Кубогы: балуандар қазақ күресінің жаңа ережесі бойынша күреседі
Турнир қарсаңында
«Olympic center» Спорт сарайында төрешілер мен команда бапкерлеріне семинар өткізіліп, қазақ күресі ережелеріне енгізілген өзгерістер түсіндірілді. «Turan Barysy» Азия Кубогының бас төрешісі Қайрат Пазылбек ең үлкен өзгеріс – бүк әдісі алынып тасталғанын айтты.

«Қазақ күресі ережесіне өзгеріс енгізіп, бүк деген әдісті алып тастадық. Жамбас, жартылай жамбас, таза жеңіс қалды. Кілемнен шығуға болмайды деген ережені қатаңдаттық. Балуан кілемнен шықса, ескерту жасалады. Үшінші рет шықса, жеңілді деген сөз, яғни қарсыласы жеңіске жетеді. Турнир алдында шетелден келген командаларға нұсқаулықтар жібердік. Олар қазақ күресінің ережелерін жақсы біледі. Бүгін тағы да түсіндіріп өттік», – деді турнирдің бас төрешісі.

Қайрат Пазылбектің сөзінше, күрестің сапасы жоғалып бара жатқандықтан бүк әдісі алынып тасталған.

«Ұлттық күресімізді дамытуымыз керек. «Қазақстан барысында» тәжірибе жасап көрдік. Халық та, күрестің айналасында жүрген мамандар да дұрыс шешім деп оң бағасын беріп жатыр. Күрес динамикасы өзгеріп, балуандар әдіс істей бастады. Бұрын тек қана бүкке жұмыс істейтін еді. Тартып қалып, қолы тиіп кетеді де, сонымен ұтып кетеді», – деді Қайрат Пазылбек.

Турнир еліміздегі ұлттық спорт түрін дамыту және қолдау мақсатында өткізіледі. Бұдан бөлек, «Turan Barysy» жастарды спортқа тарту және ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау міндетін алға қояды.

Айтулы іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ, «Qazaq kuresi» ассоциациясы, «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен өтеді. Турнирдің бас серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры».

Жанкүйерлер турнирді Qazsport және TRT Avaz телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Спорт эмоциаларының бас демеушісі - 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button