Жаңалықтар

Азия Кубогы: балуандар қазақ күресінің жаңа ережесі бойынша күреседі

ашық дереккөзі

Азия Кубогы: балуандар қазақ күресінің жаңа ережесі бойынша күреседі

29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» Спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтеді деп хабарлады turkystan.kz.

Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан қатысады.

Қазақ күресі балуандары 18 жастан асқан жеті адамнан тұратын командалар атынан сынға түседі. Спортшылар жеті салмақ санатында белдеседі: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта.