Жаңалықтар

«Мен 15 рет жалдамалы пәтер ауыстырдым»: Тұрсынбекова әйелдерді үміт үзбеуге шақырды

ашық дереккөзі

«Мен 15 рет жалдамалы пәтер ауыстырдым»: Тұрсынбекова әйелдерді үміт үзбеуге шақырды

27 қазанда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Көкшетау қаласындағы «Шанс» дағдарыс орталығында болды. Орталық 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тәулік бойы көмек көрсетеді. Салтанат Тұрсынбекова әйелдермен, мекеме қызметкерлерімен және өңірдегі әлеуметтік сала өкілдерімен тілдесті. Құқық қорғаушы әйелдерді жақсы күндерден үміт үзбеуге және берілмеуге – өздері және балалары үшін соңына дейін күресуге шақырды. «Мен сендерге сенемін. Сендердің әрқайсысың мықтысыңдар, ақылдысыңдар. Біз бәріміз өзімізді сабырға шақыру үшін сынақтардан өтеміз. Мен Астанаға 1999 жылы келіп, екі баламды бағып жүріп, 15 шақты жалдамалы пәтер ауыстырдым. Мен сол үшін өте көп жұмыс істедім. Көз жасым да төгілді, реніш те болды. Бірақ сіз сынақтарды болашаққа қадам ретінде қабылдасаңыз, сіз мықты және ақылды бола түсесіз. Мені ешкім жоғарылатпады, «аға-көке» де, «таныс-тамыр» да қолымнан жетектеген жоқ. Маған кей жандардың "кет" дейтін кездері болды. Алайда, мен сынбадым, қайта жұмысқа бәрінен бұрын келдім, түнгі 2-3 ке дейін еңбек еттім. Суық, қараңғы болса да мен берілмедім, соңына дейін отырдым. Бірақ мен өз жұмысымда бәрін білдім. Командамда 10 адам болса, мен әрқайсысының функцияларын білетінмін және кез келген адам үшін жұмыс істей алатынмын. Осылайша - еңбек пен күрес арқылы біз қалаған нәрсеге қол жеткізе аламыз. Бүгін мен Президенттікке үміткермін. 1999 жылы әлгі қыз бұлай болады деп ойлап па?», – дейді ол. Сондай-ақ, Салтанат Тұрсынбекова әйелдің Мемлекет басшысы болуға қабілеті жоқ деген сынға қатысты ойын тарқатты. «Мен әйел болсам, неге Президент бола алмаймын? Мен халықты жақтайтын болсам, неге Президент бола алмаймын? Менің құқығым конституцияда нақты көрсетілген. Менің барлық құқығым бар және мен оны толығымен пайдаланамын. Дүниежүзіндегі әйелдер өмірдің әртүрлі салаларында шыңдарды бағындырады. Қазақстанда мұның жарқын дәлелі аз емес», – деді кандидат. Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда кандидат көпсалалы облыстық аурухана дәрігерлерімен сөйлескен болатын. 26 қазанда кандидат сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында аймақтарды аралауды бастады. Ол Қарағанды облысына бірінші болып барып, құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, магистранттармен, сарапшылармен, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға атсалысқан түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, сотталғандармен кездесті. Жиын барысында халықтың әртүрлі әлеуметтік осал топтарының мүдделеріне қатысты ұстанымдарын әңгімеледі. Кейінірек ол тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін дағдарыс орталығына ат басын бұрып, ондағы әйелдермен еркін форматта пікір алмасты.