Экс-министр Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

28 қазан, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Экс-министр Біртановқа қатысты сот үкімі шықты Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біртановты Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын», - деді судья Әлкенов.
Санавиация бортын заңсыз пайдаланды деген айып бойынша судья Біртановты ақтады.