Жаңалықтар

Қарақат Әбден ұстаздармен жүздесті

ашық дереккөзі

Қарақат Әбден ұстаздармен жүздесті

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Павлодар қаласының сайлаушыларымен кездесу өткізді. Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледжінде» өткен сайлауалды жиында Қарақат Әбден ұстаздармен жүздесіп, білім беру саласындағы өзекті сұрақтарды талқылады.   «Студенттер, білім алушы жастар – еліміздің болашағы, ал ұстаздар – қоғамдағы орны ерекше тұлғалар. Сондықтан Павлодар қаласындағы сайлауалды жиынды осы білім ордасында өткізуді жөн көрдік», - деп жеткізді Қарақат Әбден. Еске салсақ, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта оның Абай, Алматы, Ақтөбе облысының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.