Жаңалықтар

Елордада ақылы автотұрақтан бюджетке 2 миллиард теңге түсті

ашық дереккөзі

Елордада ақылы автотұрақтан бюджетке 2 миллиард теңге түсті

Астанада ақылы автотұрақ қызметінің арқасында жоба басталғалы қала бюджеті 2 млрд теңгеден астам сомаға толықты. Тұрақты пайдаланудан түскен сома – 202 млн теңге деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. Айта кетсек, тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұл сомасы толығымен қала бюджетіне түседі және ол инвесторға кері қайтарылмайды. «Ақылы автотұрақтар жүйесі «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің 2,7 млрд теңгеден астам қаражатына іске асырылды. Мемлекет кірісі – 92%, ЖШС кірісі 8% құрады. Мемлекет тарапынан инвестициялар тартылған жоқ», - делінген компания мәліметінде. Елордада нөмірленуі 11**, 2***, 3***, 4*** деп басталатын ақылы автотұрақ жобасы 2022 жылдың 1 наурызында енгізілді. Аталмыш тұрақтар: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін – ақылы, ал демалыс және мереке күндері – тегін.