Анасының әскерден келген ұлымен кездескен сәті жұртты елжіретіп жіберді (ВИДЕО)
Анасының әскерден келген ұлымен кездескен сәті жұртты елжіретіп жіберді (ВИДЕО)
Анасының әскерден келген ұлымен кездескен видеосы жұртты елжіретіп жіберді деп жазды turkystan.kz.
20 жастағы қазақстандық TikTok-парақшасында анасымен көптен күткен кездесу сәтін жариялады. Аян Жанмұхамедов әскерде бір жыл қызмет еткеннен кейін, қолына гүлін алып, үйіне оралды.
Кадрлардан толқып тұрған жас жігітті көруге болады. Тез арада үйіне қарай қадам басқан оны отбасы мен достары қарсы алып, бәрі бірге үлкен аулаға кіреді.
Видео 11 мыңға жуық лайк пен бес жүздей пікір жинап үлгерді.
Ол Қарағанды облысы Баршино ауылында түсірілген.
Аян Жанмұхамедовтің айтуынша, ол анасынан мұндай реакция күтпеген.