БҚО тұрғыны жас жігітті пышақтап өлтірді

БҚО тұрғыны жас жігітті пышақтап өлтірді

БҚО тұрғыны жас жігітті пышақтап өлтірді
ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жас жігітті пышақтап өлтірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 26 қазан күні Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында болды.

«Түнгі сағат 01:00-де 51 жастағы тұрғын Х.Есенжанов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында аяқ астынан 1996 жылғы жігітпен сөзге келген. Содан кейін оның жүрек тұсына пышақ сұққан. Соның салдарынан 26 жастағы тұрғын аудандық орталық ауруханаға жетпестен қайтыс болды. Мүрде Орал қаласындағы мәйітханаға сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.