Астанада алғаш рет HR студенттерінің форумы өтті

Астанада алғаш рет HR студенттерінің форумы өтті

Астанада алғаш рет HR студенттерінің форумы өтті
ашық дереккөзі
27 қазанда КАЗГЮУ университеті мен Қазақстанның HR қауымдастығымен бірлесе отырып, еліміздің жоғары оқу орындарындағы HR студенттеріне ерекше назар бөлу, оларға беріліп жатқан білім сапасын саралау мақсатында «Дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумын» ұйымдастырды. Форумға М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, HR Менеджерлер қауымдастығының жалпы жиналысының төрағасы Әлихан Бәйменов, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Альтаир Ахметов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және тағы басқа танымал қоғам қайраткерлері, HR менеджерлер мен инфлюенсерлер қатысты.  width= Жиында қазақстандық жоғары бiлiм ошақтарында HR мамандарының дайындығы, HR оқу бағдарламаларының сапасы, заманауи үдерiс-талаптарға сәйкестігі, өндiрiс-әлеуеттi жұмыс берушiлермен байланыс тетіктері, университеттердiң оқытушы-қызметкерлерін кәсiби дамуға ынталандыратын HR стратегиясының бар-жоғы секілді мәселелер талқыланды. Менеджерлер қауымдастығының жалпы жиналысының төрағасы Әлихан Бәйменов аталмыш мамандықта бойынша білім алып жатқан студенттерге HR Менеджерлер қауымдастығына тегін мүше болуды ұсынды.
«XXI ғасырдың сипаттамалары әртүрлі биотехнологиялық, инфокоммуникация заманы дейді, бірақ осының бәрі адам үшін, адам жасайды. Адамзатың  технологиялық даму сатысы жоғарылаған сайын, адами капитал құндылығы да нығая түседі. Сол себептен осы ортамызға келіп отырған студенттер, болашақ HR мамандардың сапасының маңызды болуы маңызды. Форумға қатысып отырған білім алушыларға 500-ден астам кәсіби маман кіретін HR Менеджерлер қауымдастығына бір жылдық мүшелігін тегін ұсынуды құп көріп отырмыз», - деді Бәйменов.
 width= Форумға еліміздің  12 университетінен 100-ден аса болашақ HR маман қатысты.
«Кез келген компанияның, ұйымның, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің өте маңызды болып табылатын бірден-бір индекторы адами капиталға назар аударып, арнайы форум өткізіп отырған М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ  университетіне алғысымды білдіремін», – деді Әлихан Бәйменов.
 width=  width=