Жаңалықтар

Астанада алғаш рет HR студенттерінің форумы өтті

ашық дереккөзі

Астанада алғаш рет HR студенттерінің форумы өтті

27 қазанда КАЗГЮУ университеті мен Қазақстанның HR қауымдастығымен бірлесе отырып, еліміздің жоғары оқу орындарындағы HR студенттеріне ерекше назар бөлу, оларға беріліп жатқан білім сапасын саралау мақсатында «Дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумын» ұйымдастырды. Форумға М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, HR Менеджерлер қауымдастығының жалпы жиналысының төрағасы Әлихан Бәйменов, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Альтаир Ахметов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және тағы басқа танымал қоғам қайраткерлері, HR менеджерлер мен инфлюенсерлер қатысты. Форумға еліміздің  12 университетінен 100-ден аса болашақ HR маман қатысты. «Кез келген компанияның, ұйымның, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің өте маңызды болып табылатын бірден-бір индекторы адами капиталға назар аударып, арнайы форум өткізіп отырған М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ  университетіне алғысымды білдіремін», – деді Әлихан Бәйменов.