Жаңалықтар

Қарақат Әбден перзентхана қызметкерлерімен кездесті

ашық дереккөзі

Қарақат Әбден перзентхана қызметкерлерімен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Павлодар облысына ат басын бұрды. Бүгін үміткер Екібастұз қалалық ауруханасы жанындағы перзентханада жас аналармен және медицина қызметкерлерімен кездесті. Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, ақ халатты абзал жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. «Сайлауалды бағдарламамның әлеуметтік бағдары басым болғандықтан, онда денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінген. Әсіресе, ана мен сәби өлімінің алдын алу, сирек, яғни орфандық аурулары бар балаларға көмек көрсету, денсаулық сақтау саласын дамыту басты назарда болмақ», - деді үміткер.