Жаңалықтар

Ғылым мен өндірісте үндестік керек – Жигули Дайрабаев

ашық дереккөзі

Ғылым мен өндірісте үндестік керек – Жигули Дайрабаев

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Қызылорда облысына келді. Кандидат Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары және сала мамандарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқыға салды. Ел ырысына айналған Сыр күріші – өңір бренді саналатын өнім. Алайда соңғы жылдары Сырдария өзенінің арнасы тартылып, облыстың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделеніп отыр. Судың тапшылығы, әсіресе күріш шаруашылығына кері әсерін тигізуде. Кездесуден кейін кандидат Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде бұл ауыл береке-бірлік пен тынымсыз еңбектің арқасында аймақтағы ең көрікті елді мекенге айналған. Ауыл тұрғындарымен кездескен Жигули Дайрабаев өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.