Жандос Каринбаев: Янушкевич 150 жыл бұрын «Ақмола – тұтас даланың келешек астанасы» деп айтқан

Жандос Каринбаев: Янушкевич 150 жыл бұрын «Ақмола – тұтас даланың келешек астанасы» деп айтқан

Жандос Каринбаев: Янушкевич 150 жыл бұрын «Ақмола – тұтас даланың келешек астанасы» деп айтқан
ашық дереккөзі
Қыркүйек айының соңында Польша астанасы Варшава қаласында «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл құнды кітапты қос тілде жазып шыққан тәжірибелі дипломат Марғұлан Баймұқан мен білікті саясаттанушы, тарихшы, Жандос Каринбаев аталған еңбектің екі ел арасында алтын көпір болатынына сенімді. Сондай-ақ кітаптағы он екі бөлімнің әрқайсысы деректі фильм түсіруге сұранып тұрғанын айтады. Үш жарым жыл бойы екі елдің рухани жәдігерлерін саралап, ұмытылғандарын еске түсіріп, құнды да қымбат қазына қатарын толықтырып, күні кеше ғана елге оралған Жандос Әуелбекұлымен кездесіп, әңгімелескен едік. – Біз сұхбаттасқан кейіпкердің көбі ма­­мандық таңдауда мектептегі мұға­лім­де­рінің айрықша ықпалы тигенін ай­та­ды. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» де­мек­ші, сіздің де тарих пәніне ден қо­юыңыз­ға әлем картасын ашып, дүние­жүзін таныс­тырған мұғаліміңіз себепкер болған шы­ғар деп топшылап отырмын. Солай ма? – Дәл солай. Түркістан облысы Төле би ау­­­данына қарасты Аққұм ауылында туып-өстім. Онда қазақ гобелен өнерінің негізін қа­лаушы Құрасбек Тыныбеков атындағы орта мектепте оқып жүрген кезде бірнеше сабақты, со­ның ішінде тарих пен география пәндерін сүйіп оқыдым. Осы екі пән десе ішер асымды жер­ге қоятынмын. Өлкеге есімі белгілі ұстаз, ұлт тарихын жетік білетін Әбдіхалықов Тұр­сын­­бай ағай сабақ сайын тарихқа деген қы­зығушылығымды арттыра түсті. Ағаймен бірге мектепте мұражай жұмысын жүргіздік. Ол кісі ауыл ішін аралап, көне заттар мен жәдігерлерді жи­нап, мұражайға әкеліп қоятын. Тарихты көр­кем әдебиет туындысын түсіндіргендей си­паттап, егжей-тегжейлі айтып беретін. Дәйек келтіріп айтса да, шебер сипаттайтын еді. Сөйтіп, ол кісінің ықпалымен оқушы ке­зім­нен осы салаға қызыға бастадым. Бұл пәнге қатысты барлық жарысқа қатысып, белсенді болдым. Мектеп бітірген соң ойланбастан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих факуль­те­тіне құжат тапсырып, бакалавриат, сосын магистратура бөлімінде білім алдым.  width=– Ал қазақ-поляк байланысының та­рихына қызығуыңызға, сосын Поль­шада халықаралық қатынастар саласы бойынша докторантурада біліміңізді же­тілдіруге не түрткі болды? – Бакалавриатта жалпы тарих маман­ды­ғы бойынша білім алған мен онда әлем та­ри­хын зерттедім. Әлем тарихымен халы­қ­ара­лық қатынастар өзара астасып жатыр. Та­рих – халықаралық қатынастардың негізі. Ба­калавриатта XVIII ғасырдағы орыс-түрік қа­тынастары туралы дипломдық жұмыс қор­ғадым. Зерттеу барысында Польша мен Лит­ва елдерін біріктірген Речь Посполитая мем­лекеті туралы көп дерекке тап болдым. Сөй­тіп, бірте-бірте 1918 жылы құрылған, бір­ақ оған дейін Ресей, Прусия, Австро-Венг­рия елдері тортты бөлгендей бөліп алған, ұзақ уақыт отарда болған Польша Респуб­ли­ка­сының сыртқы саясатының тарихына қы­зығушылығым ауды. Кейін магистратурада оқығанда «Польшаның Қос соғыс аралы­ғын­дағы сыртқы саясаты» деген тақырыппен дип­лом жаздым. 2015 жылы Польша сыртқы іс­тер министрлігінің арнайы грантын ұтып алып, Торунда Николай Коперник атындағы уни­верситеттің жанындағы халықаралық қа­тынастар институтында біржылдық тағы­лымдамадан өттім. Сосын елге оралып, Л.Гу­ми­лев атындағы ЕҰУ-да алты жылдай оқы­­­тушы болып жұмыс істедім. Тағы­лым­да­ма­дан өтіп келгеннен кейін қазақ-поляк байланысының тарихына әуестігім одан бетер күшейе түсті. Алматыдағы Шығыстану институтына ізденуші ретінде тіркеліп, Польшаға қатысты ғылыми тақырыпты зерт­тей бастадым. Өкініштісі сол, барлығын жа­зып, енді қорғаймын деп дайындалып жүр­генде Қазақстан Болон декларациясына қосылып, реформа өзгерді. Ізденуші, ас­пиранттың орнына PhD докторы атағын бе­кітті. Осылайша, зерттеуімді елде қорғау мүм­­кіндігі болмаса да, ізденуді бір сәтке бол­­са да тоқтатпадым. Бірақ бір айта кетер­лігі, қазақ-поляк қатынастарының тарихын зерттеу – менің хоббиім, сүйікті ісім. Ал Вар­­шава университеті халықаралық қаты­нас­тар және саяси ғылымдар факультетінің док­торантура бөлімінде зерттеген тақы­ры­бым мүлде басқа. Онда мен Өзбекстан, Тә­жік­стан және Қырғыз Республикасының ау­мағы қиылысқан жерде орналасқан қақ­ты­ғыс ошағы Ферғана аңғарындағы ұрыс­тар­дың тарихын зерттеумен айналыстым. [caption id="attachment_201654" align="alignnone" width="2000"] width= Кітаптың тұсаукесер кешінен[/caption] – Докторлық диссертацияңыздан тыс тағы бір үлкен зерттеу жүргізіп, со­ның нәтижесі ретінде кеше Варшавада тұсауы кесілген «Қазақ-поляк байланыс­тары­ның тарихы танымал тұлғалардың мысалында» атты кітап шығарға­ныңыз­ға қарағанда бұл хоббиден де үлкен іс се­кілді... – Жоғарыда айтып өткен Торень қала­сын­да тағылымдамадан өткен кезде тың де­рек­тер таптым. Польшаның азат ел ата­нуы­на бар күшін салған Юзеф Пилсудски Ре­сей езгiсiндегi халықтарға тәуелсіздік алуы­на көмектесу, оларға саяси баспана, қара­жат беру үшін Прометей ұйымын құрға­нын тарихтан білесіздер. Сол ұйымның қа­та­рында Мұстафа Шоқай атамыз бастаған Түркістан халқы да болған. Сол секілді поляк жұр­тымен байланысы бар біздің тұлғалары­мыз көп екенін байқадым. Тағы да тосын деректер табамын-ау деген мақсатпен іздене түстім. Тәжірибелі дипломат, қазір Қазақ­стан­ның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Бай­мұқанмен кездескенде «Қазақ-поляк бай­ла­ныстарын тұлғалар негізінде зерттейік» де­ген идея туындады. Осылайша, екеуіміз уә­де­лесіп, бұл еңбекті жазып шығуға үш жа­рым жылдай уақытымызды сарп еттік. Негізі, бұл еңбек Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына, сондай-ақ биыл аталып жатқан Қа­зақ­стан мен Польша арасындағы дип­ло­матиялық қатынастың орнауына 30 жыл толуына арналған. Алдымен қазақшасын жа­зып, кейін аудармасын жасадық. 12 бөлім­нен тұратын бұл кітапта екі елдің біртума аза­маттары туралы тың деректер қамтылған. Біз­дікілер Адольф Янушкевич туралы көп жаз­ды, бірақ олар оны әдетте революционер ре­тінде сипаттайды. Расында, олай емес, ол – өз халқының азаттығы үшін күресіп, кейін сол әрекеті үшін тұтқынға түскен азамат. Қа­зақтар оның саяхаты туралы білгенімен, шық­қан тегі туралы білмейді. Ал поляктар, кері­сінше оның отбасын жақсы білгенімен, қа­зақ даласына жасаған саяхат ке­зінде кез­дескен тұлғалардан бей­­хабар. Сондықтан ол тура­лы жария болмаған дерек­тер­­ді екі халық білсін де­ген мақ­сат­пен кеңінен баяндадық. [caption id="attachment_201656" align="alignright" width="385"] width= Қолтаңба беру сәтінен[/caption] Сон­дай-ақ кітапта айдауда жүр­ген кезінде қа­зақ­тар ту­ра­лы ал­ғаш­қы поэма жаз­ған Густав Зе­линс­­кий, Шоқан Уәли­ханов­тың ұлты по­ляк ұс­та­зы Глярий Гон­севский, сая­хат­шы, сурет­ші, Маңғыстауда айдауда бол­ған Бро­нислав Залесский, Алматы қала­сы­ның дам­уына ерекше із қалдырған архи­тектор, ин­же­нер Ян Козелл-Поклевский, ұлы Абаймен дос­тық байланыс орнатқан Северин Гросс, му­зыка зерттеушісі, компози­тор, этнограф Алек­сандр Затаевич туралы тар­­қатып жаздық. Интеллигенция өкіл­дерінен бөлек, патшалық кезеңде қазақ даласында дәрі­гер болған поляктар, сон­дай-ақ біздің дәрі­гер­лер туралы да мә­лі­меттерді кіріктірдік. Сонымен қатар Вар­шавада оқы­ған қазақтар, атап айтсам, Қа­зақ­стан­ның тұң­ғыш прокуроры Қанай Боранбаев, ве­теринар-ғалым Әбілмәжін Күшіковті де ұмыт қалдырмадық. Кітапта Қажымұқанның бәйбішесі, ұлты поляк Бәтима туралы да деректер бар. Мұнымен қоса, поляк халқына ата­ғы жер жарған балуанымызды кеңінен та­ныстыруды көздеп, оның танымал поляк балуандарымен белдескені туралы да деректер жетерлік. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан мен Алматы облысына аударылған поляктарды жергілікті қазақтар құшақ жая қарсы алып, өз үйлерінің бір бөлмесін, бір уыс бидай мен бір үзім нанын бөліп береді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бізге кө­шіп келген поляктардың да бетін қайтар­ма­ған. Кейін олар Польшаға қайтқанда қа­зақ халқының жасаған жақсылығы туралы поляк тілінде естеліктер жазған. Мұны қазақ оқырман да оқысын деген ниетпен барлығын аударып, осы кітапқа енгіздік. Жалпы, та­рих­ты жазудың бірнеше жолы бар. Фактологияға сүйеніп, құрғақ дәлелмен жазатындар бар. Бірақ мұнда бірнеше ақын, жазушы, инженер, ұстаздың ғұмыры мен еңбегін ғылыми көп­ші­лік бағытта жазып, мейлінше қызықты етіп сипаттауға тырыстық. – Осы кітапты жазу барысында аһ де­гізіп, таңдай қақтырған бірер жайт­тар­ды бөлісе отырасыз ба? – Әлгінде айтып өткенімдей, Янушкевич ту­ралы көп жазылды. Дегенмен оның еңбе­гінен мынадай қызық деректер таптым. Кө­­­теріліске қатысқан оның екі бауыры Еуро­па асып кетеді. Ал Януари деген бауыры өз шаңы­рағында қалады. Густав Зелинский «Қазақ» поэмасын жазғанда оның жақын до­сы болған Адольф Янушкевич қатал сын­шының рөлін атқарып, оның еңбегін тек­серіп, түзетеді. Ал ол еңбектің басылып шығуы­на Януари үлкен септігін тигізеді. Біздің халық туралы поэманың жарық көруіне Густав Зелинский мен Адольф Януш­кевич қана емес, Янушкевичтің жақындары, әсіресе Литвада тұрған інісі Януаридің де атса­лысуы мен үшін қызық мәлімет болды. Екінші таңғалдырған тұсы, Янушкевич Абы­лай ханның баласы Сүйік сұлтан келе жат­қан кезде қазақтың музыкасы ойнап тұра­ты­ны туралы жазады. Бұдан қазақтың хан-сұл­тандарды күтіп алудың қалыптасқан дәс­түрі, белгілі бір протоколы болғанын аң­ғартады. Оның тағы бір жазбасында «Олар ағаштан жасалған лашығымызға келгенде бізбен әңгімелеседі, бірақ көп сөйлемейді дейді» деп жазғаны бар. Демек, сол заманда-ақ хан-сұлтандар өзін көпшілік ортада ұстау әде­бінен жаңылмаған. Сосын тағы бір таң­дай қақтырған мәлімет – Янушкевич 150 жыл бұрын саяхат кезінде «Ақмола – тұтас даланың келешек астанасы» деп айтқан. Мен мұны айтып тұрған бірінші тарихшы емеспін. Десе де, Янушкевичтің бұл туралы поляк тілінде жазғанын оқып, оның болашақты болжап, сараптама жасай алатын қабілетіне таңғалдым. Тағы бір таңғалдырған дүние – ол айдауда болған жиырма жылдың ішінде анасы, бауыры мен достарына 600-ге жуық хат жолдаған екен. Анасы ол хаттың түгелін сақтаған. Бірақ ол жазбаларының жарыққа шығуына қарсылық білдіріпті. Кейін ол дүние салған соң бауырлары сол хат­тары мен күнделігін үлкен еңбек етіп шы­ғарып, шағын таралыммен басып шы­ғарған. Сосын оқырман тарапынан сұраныс артқан соң тиражын көбейтіп, қайта басып шыққан. Бір айта кетерлік жайт, осы кітапты жазу кезінде Шоқан Уәлихановқа тарих пәні­нен сабақ берген, ұлты поляк Глярий Гон­севскийдің Вильнюс қаласында жер­ленгенін анықтадық. Ол туралы зерттеу жүр­гізген поляк ғалымдары зиратқа инвен­таризация жасаған, десек те оның дәл сол зиратта жерленгенін анықтап, ғылыми дә­лел­дер арқылы бірінші болып біз жаздық. Көп уақытын Орталық Азияның далаларын­да депортацияда өткізген поляк Бронислав Залесскийдің «Қазақ сахарасына саяхат» деген еңбегі 1990 жылы француз тілінде жа­рық көрген.  width=Сол еңбегінде ол Есет Көтібар­ұлы­мен кездескені туралы былай деп жаза­д­ы: «Мен Есет Көтібарұлының үйінде қонақ­та болдым. Ол кісінің пәлсапалық ойлары қызық. Оны би, батыр деп атайды. Тағы да басқа атақтары бар. Бірақ оған бәрінен бұрын батыр деп атаған ұнайды екен. Сосын ол: «Әр адам жабулы сандық іспетті. Онымен сөйлеспейінше оның ойында не бар екенін анықтау мүмкін емес» деді». Мен үшін бұл да бір қызық дүние болды. Осы ретте екі халық­ты неліктен қатарласып жазғанымызды айта кетейін деген едім. Негізі, қазақ пен поляк – тағдырлас ұлттар. Кезінде екі халықтың жауы ортақ болды, кейін байқап қарасам тағ­дыры да ортақ. Отарлық езгі. Ұлт мүддесі үшін жан аямаушылық. Батылдық. Оларда көтеріліс болғанда бізде де бүліктер болған. Мысалы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі кезінде поляктар да ереуілге шыққан. Сырым Дат­ұлы, кейіннен Кенесары бастаған көтеріліс кезінде де олар да бүлік бастап, тыншымаған. Варшавада әскери комендант, Францияда генерал болған Ян Козелл-Поклевский елін сағынған соң орыстың консулына Отанына қайтқысы келетінін айтады. Бірақ оны ал­дап-арбап, қол-аяғына кісен салып, бүкіл шені­нен айырып, қатардағы казак ретінде Алматыға жер аудартады. Онда ол көп жоба­ға араласып, Алматының дамуына атсалыса­ды. Алматыдағы бас арықты қаздырған осы кісі. Балқаш көлін жіті зерттеп, Ілеге алғаш рет кеме түсірген де осы кісі. Осы деректер де маған қызық болып көрінді. Келесі бір қы­зық мәлімет: әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Чеслав Милош поляк­тың танымал ақыны, жазушысы Алек­сандер Ваттан алған сұхбаты кітап болып шық­ты. Сонда Александер КСРО-мен арада­ғы келісім бойынша Алматыда отбасымен та­бысуға мүмкіндік алған кезде Мұхтар Әуе­зов үйіне шақырып, оны қонақ қылып күте­ді. Сол сұхбатында ол «Лев Толстойға тең келетін қазақтың жазушысы Мұхтар Әуезовтің үйінде қонақта болдым. Ком­мунистік-социалистік индоктринадан алыс еке­ні байқалады. Үйі кең, бір шетінде фор­тепиано тұр. Сөрелерінде Гетенің еңбектері тұр. Менімен сөйлескенде поляк халқының тари­хын жақсы білетінін аңғардым» деп тың естелік айтады. Ал оның әйелі Ола баласымен бір­ге ШҚО-ның Күршім аймағына жер ау­дарылған кездегі жергілікті қазақтардың қам­қорлығын былайша еске алады: «Әдеп­кіде совхозда барақта тұрдық. Сосын күн суып кеткен соң қазақтардың үйінде жат­тық. Бір күні үйде отырғанда денем қалты­рап, қатты ауырып қалдым. Үй иесі қазанда бұрқылдап қайнап, бетінде майы қалқып тұрған сорпаны үлкен кесеге құйып, оған айран қосып, маған берді. Әдетте қолыма түс­кен тағамды бірінші балама беруші едім, осы жолы алдымен өзім ішіп көргім келді, іштім. Сонда әр жұтымын ұрттаған сайын тұла бойыма қурап қалған, тақырға айналған далада толассыз жаңбыр жауып өткендей әсерін тигізді. Ертесі айыққанымды сезіндім». [caption id="attachment_201659" align="alignnone" width="2000"] width= Dimash радиостудиясында[/caption] – Варшавада ашылған Dimash ра­дио­сының, сондай-ақ Димаштың поляк жан­күйерлерінің басын қосатын фан-клуб­тың негізін қалаушы Тереса Какол біз­ге берген сұхбатында сізбен бірге бір­неше бағдарлама әзірлегенін, қазақ­ша және полякша подкаст жүргізгеніңіз­ді айтқан еді. – Қаныш Сәтбаевтан қалған игі дәстүрді жалғап, сыртта жүрсек те елімізді барынша та­ныстыруға, шетелдіктер білмейтін жайт­тарды кеңінен әңгімелеп беруге тырысамыз. Қала берді, фрилансер ретінде екі елдің байланысы мен тарихы туралы мақалалар жазып жүрдім. Ал Димаш Құдайбергеннің күл­лі әлемде үлкен дүмпу туғызғанын әлі күн­ге дейін жарыса айтып жүрміз. Димаш­тың өнеріне тәнті болған Моника Васи­левс­каның қазақтар туралы әзірлеген видеосын көріп қалдым. Өзімен танысқан соң Тереса­мен де танысудың сәті түсті. Екеуі қазақ ертегілерін зерттейтін Мирелла Гливинска, үйінің бір бөлігін босатып, техникамен қам­тамасыз етіп отырған кәсіпкер Збигнев Кур­зынскимен бірге өз қаражаттарына ра­диостудия ашып, оның ішін басқа радио­лар­дан кем қылмай жабдықтап, тұрақты түрде бағ­дарлама жүргізетінді шығарды. Сосын ма­ған сонда сарапшы ретінде қатысуымды өтін­ді. Жалпы, Dimash радиосында «Қазақ­стан тек далалар мен киіз үйлер елі емес» деген үш бағдарлама әзірледік. Онда Қазақ­станның географиялық орналасуы, тарих, этног­рафия, әр өлкеде көруге тиіс туристік ны­сандар туралы баяндадық. Сосын «Абайша сүю» деген атпен бірнеше бағдарлама шық­ты. Қазақстан тәуелсіздігіне арналған бір­не­ше подкаст әзірледік. Жалпы саны ол сту­дияда он шақты бағдарлама жүргізуге ат­са­лыстым. Айтпақшы, Тересалар «Бізге қазақ тілі қызық. Сондай ұнайды» деген соң мұның бар­лығын қос тілде жүргіздім. Олардың поляк­ша қойған сұрағына екі тілде жауап беріп отырдым. Жұмыс кестем тығыз болып, кітап, диссертация, бала-шағаның қамымен жүгірсем де оларды барынша қолдауға тырыс­тым. Жалпы, Тересалар мақтанғанды ұнатпайды, бірақ қазақтар олардың еңбегін бағалап, отандық БАҚ өкілдері олар туралы көп­теп жазса екен деген ниет бар. Сіздерге бі­лін­бес, бірақ ол жақта расымен қыруар жұ­мыс атқарылып жатыр. Қазір Терессалар қазақ тілін оқыту туралы бағдарламаны іске асырып жатыр. Әлбетте, бұған себепкер Ди­маш­тың шығармашылығы, сосын ол арқылы қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен тіліне қызығып, өз бетінше зерттеу жүргізіп жатқандар жетерлік. Негізі, поляк халқын қа­зақтар туралы тек жағымды пікірлер ай­тады. Терессамен қатар біз де осы еңбегіміз ар­қылы екі елдің арасында алтын көпір орнат­қымыз келеді. Біздің көздегеніміз – кітап­ты алып оқыған әрбір полякқа Қазақ­станды жақсы жағынан таныту, сондай-ақ поляктардың біздің жерімізде біз үшін атқар­ған еңбегін орасан екенін біздікілер біл­се екен деген мақсат. Жалпы, бізді алға жете­леген – шынайы энтузиазм. Ол болмаса әрі еліңе, халқыңа деген сүйіспеншілік бол­маса бұл жоба жарық көрмес еді. Сонша уа­қытымды бөлгенше, тыныш жүріп қана дис­сертациямды жазбаймын ба?! Бірақ айтып түсіндіре алмайтын бір сезім мен­мұн­да­лап, маза бермей қойды. Мен Варшавада уни­верситетте сабақ бергенде еліміздің тари­хы мен салт-дәстүрі туралы көп әңгіме­лей­­тінмін. Кейін өз қалтасынан ақша шыға­рып, біздің мәдениетті насихаттап жүрген Терессалардың көзіндегі отты көргенде менің еліме, туған жеріме деген сүйіспенші­лі­гім еселеп артты. «Мен де жасай аламын!» деп шабыттана түсіп, бұрынғы бағытымнан таймай, насихаттауды еш тоқтатпадым. Марғұлан екеуіміздің бірлесіп жазған бұл ең­бегіміз – елді таныту жолында қосқан тит­тей үлесіміз. Мұндағы 12 бөлімдегі дерек­тің әрбірі деректі фильм түсіруге арқау бола­ды деп есептеймін. Естуімше, Сатыбалды Нарым­бетов көзі тірі кезінде Янушкевич тура­лы фильм түсіріп бастаған. Кейін оның бұл ісін ізбасарлары мен балалары жалғас­ты­рып жатыр екен. Мұны жіті зерттеген ма­ман ретінде осындай жобаларды іске асыруға шақырса қуанар едім.  width=– Күні кеше Варшавада өткен кітап­тың тұсаукесеріне поляктардың көптеп келуі оларға екі елдің арасындағы бай­ла­ныс қымбат екенін аңғаруға болады. – Иә, Қазақстанның Польшадағы Төтен­ше және Өкілетті елшісі Әлім Қирабаевтың ұйым­дастыруымен өткен ол кешке 50-60 шақ­ты адам қатысты. Әсіресе, «мен – шенеу­нік­пін, сен – қатардағы азаматсың» деген тү­сініктен ада Еуропарламент пен Польша Пар­ламентінің (Сейм) депутаттары кезекке тұ­рып, қолтаңба алған кезде бойымды қуа­ныш кернегенін жасырмаймын. Одан бөлек, профессорлар мен екі елдің арасындағы бай­­­ланысқа қызығатын азаматтар келіп, қол­таңба алған соң « Жақсы болды, мына кітап­ты ана ғалымға беремін», «Бұл – біз үшін таптырмас еңбек» деп арқамыздан қа­ғып, ағынан жарылды. Жалпы, бұл кітап Варшава қаласындағы жетекші баспалардың бірінде басылып шыққандықтан, алдымен сол жақта тұсаукесерді өткізу заңдылық. Сосын баспадан шығу шарты бойынша та­ныс­тырылым өткен соң Польшаның үлкен қалаларындағы кітапханаларға дереу жөнел­тіледі. Әрі қарай поляк оқырманы кері бай­ланыс орнатып, екі елдің байланысын жете тани түседі деп ойлаймыз. Біздің әу бастағы мүд­деміз, көздегеніміз де – осы. Бұйырса, жуық арада Астанада да тұсаукесер рәсімін өткізбекпіз. Қазақ оқырманның да көңілінен шы­ғады деп үміттенемін.

Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ