Елімізде жүктіліктің 9-аптасында ұрықтың ДНК диагностикасы жасала бастайды

Елімізде жүктіліктің 9-аптасында ұрықтың ДНК диагностикасы жасала бастайды

Елімізде жүктіліктің 9-аптасында ұрықтың ДНК диагностикасы жасала бастайды
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі Ұрықтың даму аномалияларын ерте диагностикалау және профилактикалау тиімділігін арттыруға, нәресте өлім-жітімін, балалардың мүгедектікке ұшырауын төмендетуге бағытталған пренатальдық медицина қызметін жетілдіру бойынша стратегиялық шешімдер қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Атап айтқанда, пренатальдық ультрадыбыстық диагностика бойынша елдің жетекші мамандарынан сараптама тобы құрылды. Бағдарламалар шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігінің бас генетигі, профессор Гүлшара Жүсіпқызы Әбілдинова және Денсаулық сақтау министрлігі пренатальдық диагностиканың УДЗ бойынша бас маманы, м.ғ.д. Жанар Қуанышбайқызы Құрманғали еліміздің ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері мен медициналық генетиктерінің кәсіптік даярлығын арттыру бойынша оқыту жүргізді. Халықаралық стандарттарға сәйкес пренатальдық ультрадыбыстық диагностиканың 150 дәрігері сертификатталған.
«Денсаулық сақтау министрлігі жүктіліктің 9-аптасынан бастап инвазивті емес пренатальдық ДНК тест әдісін клиникалық практикаға енгізуді жоспарлап отыр. Бұл зерттеу жүктіліктің басында ұрықтың хромосомалық ауытқуларын жоғары сезімталдықпен анықтауға мүмкіндік беретін бірегей заманауи әдістердің бірі және әйел үшін де, ұрық үшін де қауіпсіз», - делінген хабарламада.
Жүкті әйелдерді скринингпен барынша қамту үшін іргелес аумақтағы көлік инфрақұрылымын дамыту,  халықаралық стандарттар бойынша жабдықтар мен сертификацияланған мамандардың жеткілікті санымен қамтамасыз етуді жоспарлауда. Бүгінгі таңда өңірлерде перинаталдық нәтижелерді жақсарту үшін сараптамалық деңгейдегі медициналық қызметтер көрсету мақсатында «Ұрықты қорғау орталықтары» ұйымдастырылған.
«Жүктілік кезінде скринингтік зерттеулерді уақтылы жүргізу,  заманауи және тиімді медициналық технологияларды енгізу ұрықтың даму ауытқуларының үлкен спектрін диагностикалауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.