Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін бе?

Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін бе?

Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін бе?
ашық дереккөзі
WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин міндетті үміткер -  бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz bassport.kz сайтына сілтеме жасап.
«GGG мен Фалькао Эскива арасындағы кездесуді өткізу үшін DAZN Boxing және DAZN Brasil компаниялары келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек наурыз айында Қазақстанда өтеді», - деді журналист.
Эскива Фалькао - WBA және IBF желісі бойынша міндетті үміткер. Одан кейін Головкин – Фалькао жекпе-жегінің жеңімпазы кубалық орта салмақтағы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездеседі деп күтілуде.