Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасала ма?
Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасала ма?
Бас прокуратура «Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасала ма?» деген сұраққа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Бізде жалпы 20 шақты адамның әрекеті (қаңтар оқиғасы кезінде) жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде қылмыстары сараланған. Оларға рақымшылық жасалмайды, тек қатысушылар рақымшылыққа ілігеді.
Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі қатысушылар болып саналады. Олардың саны шамамен 700 адам. Олардың бәріне рақымшылық жасалады, ал жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған 20 адам рақымшылыққа ілінбейді», - деді Әсет Шындалиев.