ТМД елдері қашып жүрген сыбайлас жемқорларды бір-біріне беруге келісті

ТМД елдері қашып жүрген сыбайлас жемқорларды бір-біріне беруге келісті

ТМД елдері қашып жүрген сыбайлас жемқорларды бір-біріне беруге келісті
ашық дереккөзі
2022 жылы 14 қазанда Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері Басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшылары ТМД мемлекеттері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылдағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл құжат 2008 жылы әзірленгенімен, биыл ғана тараптар редакциялау және қол қою туралы келісімге келіп отыр. Аталмыш келісім сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ықпал ететін іздестіру іс-шараларын және басқа да шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.