Жаңалықтар

Қазақстан енді тазы мен төбетті есепке алады

ашық дереккөзі

Қазақстан енді тазы мен төбетті есепке алады

Депутаттар тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша заң жобасын талқылауда. Мәжілісте бұл мәселе төңірегінде жұмыс тобының кезекті отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz. «Соңғы жылдары ұлттық тұқымдардың саны азайып, қан араласу орын алуда. Қазақстанда тазы мен төбеттің нақты саны белгісіз. Өйткені олардың есебі дұрыс жүргізілмеген», - деді жұмыс тобының мүшесі Әмірхан Рахымжанов. Үкімет асыл тұқымды үйрететін питомник ашып, иттерді қарап, сынақтан өткізуді жоспарлауда. Десе де қаржылық қолдау көрсету жағы қарастырылмаған.