Батыс Қазақстан облысында ұлы әкесін ұрып өлтірді
Батыс Қазақстан облысында ұлы әкесін ұрып өлтірді
Батыс Қазақстан облысында ұлы әкесін ұрып өлтірді деп хабарлады turkystan.kz uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Сырым ауданы Қоңыр ауылында болған.
«М.Есламғалиев көшесіндегі өз үйінде 36 жастағы тұрғын 75-тегі әкесімен бірге арақ ішкен. Содан кейін ұлы әкесін соққыға жыққан. Соның салдарынан қария оқиға орнында көз жұмды. Мүрде Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді ведомство өкілі.