Ұлытау облысында кәсіпкер көлігінің ішінде тірідей жанып кетті

Ұлытау облысында кәсіпкер көлігінің ішінде тірідей жанып кетті

Ұлытау облысында кәсіпкер көлігінің ішінде тірідей жанып кетті
ашық дереккөзі
Ұлытау облысында полицейлер Сәтбаев қаласының шығаберісінде болған жол апатының себебін анықтап жатыр деп хабарлады turkystan.kz. КТК арнасының мәліметінше, Mercedes  көлігі жүйткіген күйі қаланың атауы жазылған аркаға соғылып, жүргізушісі жан тапсырған. Қалыңдығы бірнеше метр арканы көтеріп тұрған қабырғаға жеңіл көлік жоғары жылдамдықпен келіп соғылған. Бірден лап етіп отқа оранған. Рөлде 58 жастағы кәсіпкерлікпен айналысатын Жезқазған тұрғыны болған. Қатты соққыдан есінен танып қалған оны қызыл жалыннан ешкім алып шыға алмады. Қазір жүргізушінің не себепті тізгінге ие бола алмай қалғаны анықталып жатыр. Өртенген көлік техникалық сараптамаға жіберілген.
Mercedes автокөлігінің жүргізушісі көліктің рөліне ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған. Жол апаты кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Полиция тиісті сараптама тағайындап, тергеу жүргізіп жатыр», – деді Ұлытау облысы ПД баспасөз хатшысы Аңсаған Тоқбергенов.