Өзі жеңгісі келеді: промуотер «Канелоның» өтірігін ашты

Өзі жеңгісі келеді: промуотер «Канелоның» өтірігін ашты

Өзі жеңгісі келеді: промуотер «Канелоның» өтірігін ашты
ашық дереккөзі
Британиялық промуотер Эдди Хирн жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуі үшін Бивол – Рамирес айқасында отандасына жанкүйер боламын деген Сауль «Канело» Альварестің сөзіне қатысты ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 5 қараша Абу-Дабиде Хильберто көктемде «Канелоны» жеңген ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жекке шығады. Хирннің сөзінше, шындығында келгенде, «Канело» Биволдың жеңгенін қалайды. Өйткені Альварес ресейлікпен қарымта өткізіп, өзі жеңгісі келеді.
«Бұл Бивол мен Рамирес арасындағы тамаша айқас болады, карды да мықты. «Канелоның» айтуынша, ол Рамирестің жеңгенін қалайды, өйткені, ол отандасы – мексикалық. Дегенмен жүрегінің түбінде ол Биволдың жеңгенін қалайды. Дмитрий жеңіске жетсе, олар қарымта өткізе алады. Бұл – осы дивизиондағы үлкен айқас. Дмитрий мен Хильберто жекпе-жегінен кейін, біз Альвареспен қарымта туралы ашық айта аламыз», - дейді Хирн.