Жаңалықтар

Nasa Айға арналған көлікті көрсетті

ашық дереккөзі

Nasa Айға арналған көлікті көрсетті

Ғарыш агенттігі ғарышкерлерге арналған Айда жүретін көліктің түпнұсқасын көрсетті деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Ұзындығы - 5, ал биіктігі 3 метр болатын ровер екі ғарышкердің өмір сүріп, жүруіне арналған. Бірегей көлік сағатына 10 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Ровер Айға ғарышкерлерді аттандыруға бағытталған «Артемида» бағдарламасы шеңберінде жасалып жатыр. Айта кетсек, осы айдың бас кезінде Аризонаның шөл даласында алғашқы сынақтар өткізілген болатын.